Жетекші шетелдік профессорлардың қатысуымен өткен ғылыми семинар

2025 жылдың 11 маусымында Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында шетелдік жетекші ғалымдардың қатысуымен ғылыми семинар өтті:
🔹 ф.-м.ғ.д., профессор Юлий Давидович Каплунов (Keele University, Ұлыбритания)
Баяндаманың тақырыбы: A Generalization of Saint-Venant's Principle for High-Contrast Elastic Laminates
🔹 т.ғ.д., профессор Михаил Евсеевич Ицков (RWTH Aachen University, Германия)
Баяндаманың тақырыбы: Application of Symbolic Regression to Material Modeling
Семинар механика, модельдеу және материалтану салаларындағы заманауи мәселелерге қызығушылық танытқан студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен зерттеушілердің назарын аударды.
Іс-шара барысында аналитикалық және сандық модельдеудің өзекті әдістері, сондай-ақ инженерлік ғылымдарда машиналық оқытуды қолдану мәселелері талқыланды.
Баяндамалар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, ғылыми диалог пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.