
Кафедрамыздың құрметті профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Қонақбаев Төлеген Оспанұлының 75 жас мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы “Ерен еңбегі үшін” күміс медалімен марапаттады! 🏅
Бұл — Төлеген Оспанұлының ғылым мен білім саласындағы көп жылдық еңбегінің, жас ұрпаққа сапалы білім берудегі үлесінің жоғары бағалануы. Оның ұстаздық жолы мен ғылыми қызметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ЦУР 4: “Сапалы білім” бағытымен толық сәйкес келеді.
Ұлағатты ұстазымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт және шәкірттерінің құрметі мен алғысы әрдайым серік болсын!
Ізгі тілекпен механика кафедрасының ұжымы!