
Биылғы жыл Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Бұл мереке мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Меркеге орай 5 – ші маусымда химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында «Құрбан айт – мейірім меркесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кафедраның оқытушы – профессор құрамы және Түркіменстан елінен факультетімізде білім алып жатқан студенттер жиналды. Іс-шара барысында студендеттер өз елінде Құрабан айт меркесінде жасалатын іс-амалдары жайлы берген мәліметтері бұл мереке шүкіршіліктің, ықыластың, адамгершілік пен бауырмалдықтың мейрамы екенін көрсетті. Курбан айт – тек мереке ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық пен ізгілік күні болғандықтан дөңгелек үстел барысында қайырымдылық пен игі істер жасау бағытында пікір талас жүргізілді.
Кафедра меңгерушісі Е.А. Аубакиров бұл іс-шара елдің бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттыратындығын айқын дәлелі екенін атап өтті.
Физикалық химия, катализ және мұнай химия кафедрасының доценттері Наренова С.М., Смағұлова Н.Т.
Басқа жаңалықтар


