- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Үндістандық және қазақстандық тұжырымдамалар мен әлемде бейбіт қатар өмір сүру тәжірибесінің үлесі» және «Халықаралық академиялық диалогтағы дін, мәдениет және тарих» атты дәрістері
«Үндістандық және қазақстандық тұжырымдамалар мен әлемде бейбіт қатар өмір сүру тәжірибесінің үлесі» және «Халықаралық академиялық диалогтағы дін, мәдениет және тарих» атты дәрістері

Сіздерді Үндістандағы Раджастан университетінің профессоры, доктор Ражендра Синг Кангароттың «Үндістандық және қазақстандық тұжырымдамалар мен әлемде бейбіт қатар өмір сүру тәжірибесінің үлесі» және Вашингтон университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Чарльз Уеллердің «Халықаралық академиялық диалогтағы дін, мәдениет және тарих» атты дәрістеріне шақырамыз
Күні мен уақыты: 23 маусым 2025 жыл, сағат 10.00
Өткізілетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қарасай батыр көшесі 95, №5 оқу корпусы, 200 аудитория
Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Дәріс оқитын қонақтар туралы ақпарат:
Чарльз Уеллер – PhD, Вашингтон мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері. Оның ғылыми зерттеулері Батыстағы және дүниежүзілік тарихтағы діни-мәдени сәйкестік пен қарым-қатынастарға ерекше назар аудара отырып, Ресей, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Америка Құрама Штаттарындағы ислам мәселесіне арналған. Ол Джорджтаун университетінің Мұсылман-христиандық түсіністік орталығында (2014-2019) және Джордж Мейсон университетінің тарих факультетінің (2021-2022) серіктес зерттеушісі болды.
Ч. Уеллер Таяу Шығыс және Ислам тарихы курстарынан сабақ береді. Сонымен қатар студенттердің тәуелсіз зерттеулері мен жобаларына жетекшілік етеді. Ол ағылшын және қазақ тілдеріндегі бірнеше монографиялардың авторы. Scopus базасында 8 мақаласы және кітап бөлімдері бар, h-индексі – 1.
Washington State University QS рейтингінде 466-орынға ие.
Ражендра Сингх Хангарот – PhD, профессор, Үндістанның белгілі тарихшысы, Раджастан штатының мәдени және тарихи мұрасын зерттеуші. Ол Джайпур қаласындағы Agrawal P.G. College-інің директоры. Бұл колледж Раджастан университетімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Профессор Хангароттың ғылыми зерттеулері Раджастанның тарихи тұлғалары мен нысандарына, әсіресе Джайгарх қамалы мен Джайпур қаласының мұраларын зерделеуге арналған. Ол бірнеше ғылыми және танымал кітаптардың авторы. Көптеген халықаралық және ұлттық конференцияларға қатысып, Гейдельберг университетімен (Германия) бірлескен жобалар жүргізген. Сонымен қатар ол тарихи фильмдердің сарапшысы ретінде Aaj Tak, Zee News, NDTV және CNN-IBN секілді теларналарға сұхбат беріп, Джайпурдың тарихы мен мәдениеті жайлы лекциялар оқыған. Ол Heritage of Jaipur, суды үнемдеу технологиялары, сарай ритуалдары тақырыптарында көптеген ғылыми баяндамалар жасап, шетелдік деректі фильмдерге қатысқан (мысалы, Франция, Бельгия, Англия өндірістері). Профессор Ражендра Сингх Хангарот – Раджастанның тарихи мұрасын насихаттаушы және үнді тарихын қазіргі ұрпаққа жеткізуші беделді зерттеуші.
Байланыс мәліметі: Балтымова Мира Рашидқызы, 87473667331. Қоғабаева Әсел Маратқызы, 87077209986