Ғылым өнер жаңа бағытта дамидыFarabi University

Ғылым өнер жаңа бағытта дамиды

17 маусым, 2025

16 маусым күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық және цифрлық инновациялар басқармасының қолдауымен арнайы кездесу өтті. Бұл кездесуге қатысушылар «Мәдениеттану» онлайн курсының студенті метамодернист-суретші Гаухар Бисенғалиевамен (Арухан) және курс авторы – философия ғылымдарының докторы Ажар Қуанышбекқызы Жолдыбаевамен кездесті.

Ашық ҚазҰУ білім беру платформасында өткен бұл курсқа қатысушыларға осы курстың авторымен бетпе-бет кездесуі жақсы әсер қалдырды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану кафедрасында да арнайы отырыс өтті. Іс-шараға факультет деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы қатысып, өз пікірін ортаға салды.

 Кездесу барысында философия, заманауи өнер, метамодернизм және ынтымақтастықтың мүмкін форматтарына қатысты оның болашақтағы оқыту пррцесінде назар аударылатын мүмкіндіктеріне қатысты мәселелер талқыланды.

 Осындай курстың авторымен бетпе бет кездесу сандық білім берудің тек оқыту ғана емес, ғылым, өнер және тұлға, жеке адам трансформациясы арасындағы берік көпір екеніне тағы да бір тыңдаушылардың көзін жеткізді.

Баймуратова И.А. ф.ғ.к., филология факультеті  шет тілдері кафедасының оқытушысы.