- Басты бет
- Жаңалықтар
- TotalEnergies (TESS) тұрақты даму бойынша 7-ші жазғы мектебінің жабылуы: сапалы білім мен тұрақты дамуға қосқан үлес (ТДМ 4 және ТДМ 13)
TotalEnergies (TESS) тұрақты даму бойынша 7-ші жазғы мектебінің жабылуы: сапалы білім мен тұрақты дамуға қосқан үлес (ТДМ 4 және ТДМ 13)

2025 жылғы 19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында TotalEnergies (TESS) тұрақты даму бойынша 7-ші жазғы мектебінің салтанатты жабылуы өтті. Бұл халықаралық білім беру жобасы TotalEnergies компаниясының қолдауымен және ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетімен серіктестікте ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚазҰУ, Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ), ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы өкілдері, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер қатысты. Кездесудің модераторы – физика-техникалық факультеттің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары Светлана Пешая.
Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлегендер:
-
Total компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Данияр Салимбаев;
-
TotalEnergies Renewables Services Kazakhstan компаниясының бас директоры Тьерри Плезан;
-
АЭжБУ ғылым жөніндегі проректоры Қуаныш Арынғожайұлы Әліпбаев;
-
ЮНЕСКО клубтары федерациясының халықаралық қатынастар және коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Сабина Ақжарова;
-
TotalEnergies профессорлар қауымдастығының президенті, профессор Жан-Пьер Кордье.
Салтанатты рәсім барысында бес білім беру бағыты бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды:
-
«Ірі компаниялардың даму стратегиясы: мемлекеттермен қатынас – экономика – тұрақты даму – КӘЖ» – профессор Жан-Пьер Кордье;
-
«Энергетикадағы цифрлық трансформация және деректер ғылымы» – профессор Мариана Кобаяши;
-
«Мәдениетаралық менеджмент және халықаралық келіссөздер» – профессор Доминик Геде;
-
«Климат және энергетикалық көшу» (төмен көміртекті даму бойынша хакатонды қоса алғанда) – профессор Кристиан Герритт;
-
«Мұнай-газ және химия өнеркәсібіндегі тәуекелдерді басқару» – профессор Патрик Саймонс.
Жазғы мектеп 16–19 маусым аралығында өтті және 100-ден астам студентті қамтыды. Қорытынды кездесу халықаралық академиялық серіктестік пен пәнаралық білім алмасудың жарқын мысалына айналды.
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында бұл бағдарлама ерекше маңызға ие болды:
-
ТДМ 4 – Сапалы білім: халықаралық сарапшылардың дәрістері арқылы заманауи білім мен практикалық дағдыларды ұсыну;
-
ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес: декарбонизация, орнықты энергетикалық стратегиялар және ресурстарды басқару бойынша шешімдерді талқылау.
Іс-шара кофе-брейк пен нетворкингпен аяқталып, қатысушылар болашақ ынтымақтастық пен ғылыми-білім беру серіктестігін кеңейту идеяларымен бөлісті.
ҚазҰУ TotalEnergies командасына және барлық серіктестерге тұрақты даму көшбасшыларының жаңа буынын қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.