TotalEnergies Renewables Services Kazakhstan бас директорының ҚазҰУ-ға сапары: Жазғы мектеп қатысушыларына арналған ашық дәріс және тұрақты дамуға қосқан үлес (ТДМ 4 және ТДМ 7)Farabi University

TotalEnergies Renewables Services Kazakhstan бас директорының ҚазҰУ-ға сапары: Жазғы мектеп қатысушыларына арналған ашық дәріс және тұрақты дамуға қосқан үлес (ТДМ 4 және ТДМ 7)

18 маусым, 2025

TotalEnergies (TESS) тұрақты даму жөніндегі 7-ші жазғы мектебі аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде физика-техникалық факультеттің қатысуымен студенттердің TotalEnergies Renewables Services Kazakhstan компаниясының бас директоры Тьерри Плезанмен маңызды кездесуі өтті.

Қонақ кіріспе дәріс оқып, TotalEnergies компаниясының жаһандық және Қазақстандағы миссиясы мен даму стратегиясы туралы айтып берді. Студенттер компанияның күн және жел энергетикасы, энергетикалық көшу және тұрақты даму салаларындағы негізгі жобаларымен танысты.

Аудитория тарапынан ерекше қызығушылық тудырған тақырыптар – TotalEnergies-тің Қазақстандағы, әсіресе елдің оңтүстік өңірлеріндегі іске асырылып жатқан жобалары мен алдағы жылдарға арналған инвестициялық жоспарлары болды. Сондай-ақ, дәріс барысында технологиялық инновациялар, энергия үнемділігі және жастардың жасыл экономикаға тартылуы мәселелері қаралды.

Тьерри Плезанның баяндамасы студенттермен еркін диалог форматында өтті. Қатысушылар тұрақты даму механизмдері мен халықаралық экологиялық бастамалар жөнінде сұрақтар қойды.

Бұл сапар мен дәріс бизнес, білім және тұрақты дамудың өзара интеграциясының нақты үлгісіне айналды.

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында іс-шара мынадай бағыттар бойынша үлес қосты:

  • ТДМ 4 – Сапалы білім: студенттерді халықаралық сарапшылармен сұхбаттасуға және заманауи білім алуға тарту арқылы;

  • ТДМ 7 – Қолжжетімді және таза энергия: жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және экологиялық қауіпсіз шешімдерді ілгерілету арқылы.

ҚазҰУ физика-техникалық факультеті Тьерри Плезан мырзаға білім беру процесіне қосқан құнды үлесі үшін алғысын білдіреді және TotalEnergies компаниясымен бірлескен ғылыми және білім беру бастамалары аясында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміт білдіреді.