- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ физика-техникалық факультеті оқытушыларының Materials Today Conference 2025 халықаралық конференциясына қатысуы: тұрақты даму мен ғылымды ілгерілетуге қосқан үлесі (ТДМ 4 және ТДМ 9)
ҚазҰУ физика-техникалық факультеті оқытушыларының Materials Today Conference 2025 халықаралық конференциясына қатысуы: тұрақты даму мен ғылымды ілгерілетуге қосқан үлесі (ТДМ 4 және ТДМ 9)
Әлемдегі ең ірі ғылыми алаңдардың бірі — Elsevier жетекші ғылыми баспасы ұйымдастырған Materials Today Conference 2025 халықаралық конференциясына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері қатысты.
ҚазҰУ қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының профессор м.а. Мусабек Гаухар Қуанышқызы конференцияда "Thermal Fluorination of Nanoporous Activated Carbon Mediated by Freons" тақырыбындағы ғылыми баяндамасын ұсынды. Ол өз баяндамасында көміртекті наноматериалдарды модификациялау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін таныстырды. Бұл зерттеу материалдардың термиялық төзімділігін, адсорбциялық және каталитикалық қасиеттерін арттыруға бағытталған. Баяндама халықаралық ғылыми қауымдастықтың жоғары қызығушылығын тудырып, жетекші университеттермен және ғылыми орталықтармен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, конференция жұмысына ҚазҰУ-дың жылуфизика және техникалық физика кафедрасының өкілдері — Дмитрий Соколов пен Евгений Коршиков белсенді қатысты. Олардың қатысуы университеттің техникалық ғылымдар мен материалтану саласындағы ғылыми әлеуетінің жоғары екенін көрсетті.
ҚазҰУ-дың «Materials Today» конференциясына қатысуы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей үйлеседі:
-
ТДМ 4 – Сапалы білім беру: халықаралық академиялық ортаға оқытушыларды тарту, ғылыми жетістіктерді таныстыру және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу арқылы;
-
ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым: материалтану саласындағы жоғары технологиялық және тұрақты шешімдерді дамытуға бағытталған жаңа ғылыми тәсілдерді ұсыну арқылы.
ҚазҰУ физика-техникалық факультеті конференция қатысушыларына университеттің халықаралық деңгейде лайықты таныстырылымы мен ғылым мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.