- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің оқытушылары «Волковгеология» АҚ кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден өтуде: кадр даярлау мен Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 4 және ТДМ 9) іске асыруға қосқан үлесі
ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің оқытушылары «Волковгеология» АҚ кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден өтуде: кадр даярлау мен Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 4 және ТДМ 9) іске асыруға қосқан үлесі
2025 жылдың маусым айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің оқытушылары — Сайдуллаева Гөзял мен Жаугашиева Сәуле — "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еншілес ұйымы болып табылатын «Волковгеология» АҚ-ның «Орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» филиалында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Өндірістік тәжірибе профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру бағдарламалары аясында ұйымдастырылып, оқытушылардың практикалық құзыреттерін нығайтуға, уран кен орындарын барлау және мониторинг жүргізудің заманауи технологияларымен, радиациялық бақылау әдістерімен және ядролық қауіпсіздік жүйелерімен таныстыруға бағытталған.
Бұл ынтымақтастықтың маңыздылығы ядролық физика мамандарының даярлығы тұрғысынан арта түсуде, себебі дәл осы кәсіпорында ҚазҰУ-дың «Ядролық физика» білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылғы магистратура түлектері жұмысқа орналасқан.
Оқытушылардың өндірістік тәжірибесі мен түлектердің жұмысқа орналасуы ядролық саладағы ірі кәсіпорында келесі бағыттарда оң ықпал етеді:
-
академиялық білім беру мен нақты экономика секторы арасындағы байланысты тереңдету;
-
қолданбалы білім мен заманауи технологияларды оқу процесіне енгізу арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру;
-
бірлескен ғылыми-өндірістік жобаларды іске асыру үшін негіз қалыптастыру.
Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:
-
ТДМ 4 – Сапалы білім беру: өзекті практикалық құзыреттерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңарту, оқытушылардың біліктілігін арттыру және жұмыс берушілермен тығыз өзара әрекеттесу арқылы;
-
ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: университет пен өндірістік кәсіпорындар арасындағы ғылыми-өндірістік серіктестікті нығайту және атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласындағы инновацияларды ілгерілету арқылы.
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті өндірістік тәжірибе ұйымдастырудағы қолдауы мен қолданбалы білім беру мен стратегиялық маңызы бар ядролық энергетика саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін «Волковгеология» АҚ және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшылығына алғыс білдіреді.