- Басты бет
- Жаңалықтар
- Пузикова Дарья Сергеевнаны PhD дәрежесін сәтті қорғауымен құттықтаймыз! ТДМ 4. Сапалы білім беру
Пузикова Дарья Сергеевнаны PhD дәрежесін сәтті қорғауымен құттықтаймыз! ТДМ 4. Сапалы білім беру

Қорғау 2025 жылғы 30 маусымда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында гибридті (офлайн/онлайн) форматта өтті.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Фотоэлектрохимиялық күн элементтері үшін күрделі оксидтік жүйелер негізіндегі жаңа жартылай өткізгіш материалдардың құрылымы мен физикалық қасиеттері».
Ғылыми кеңесшілері:
-
ф.-м.ғ.д., профессор Олег Юрьевич Приходько (ҚазҰУ),
-
ф.-м.ғ.д., профессор Ремигиус Юшкенас (Физика және технологиялар орталығы, Вильнюс, Литва).
Ресми рецензенттер: PhD Н.А. Чучвага және PhD Н.Н. Жантурина.
Дарья Сергеевна – ҚазҰУ-дың бакалавриат, магистратура және PhD деңгейлерін үздік аяқтаған, қазіргі таңда Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институтының аға ғылыми қызметкері, осы институттың Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ ҚБТУ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі. 2020 жылы ҚР БҒМ-нің талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, 30-дан астам ғылыми жарияланымның және бірқатар патенттердің авторы, халықаралық ғылыми жобалардың қатысушысы.
Дарья Сергеевнаны шын жүректен құттықтай отырып, ғылым жолындағы жаңа табыстарға, биік белестерге жетуіне тілектеспіз!