ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің үздік түлектеріне диплом тапсыру салтанаты. ТДМ 4Farabi University

ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің үздік түлектеріне диплом тапсыру салтанаты. ТДМ 4

2 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университеттің оқу, ғылыми, әлеуметтік және қоғамдық өмірінде белсенділік танытқан үздік түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті.

Марапатталғандардың қатарында – жоғары академиялық жетістіктерге қол жеткізген және студенттік ғылымды, еріктілер қозғалысын, университеттік жобаларды дамытуға елеулі үлес қосқан физика-техникалық факультетінің үздік түлектері. Дипломдарды ҚазҰУ ректоры, академик Жансейіт Түймебаев жеке өзі табыстап, нақты және техникалық ғылымдар саласындағы білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті және қазіргі заманда физика-техникалық білім берудің беделін ерекше көрсетті.

Салтанатты іс-шараға физика-техникалық факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Ә. Бейсен, сондай-ақ кафедра меңгерушілері мен декан орынбасарлары қатысып, түлектерді өмірлерінің маңызды кезеңімен құттықтап, кәсіби жолда табыс, ғылыми әлеуетін іске асыру және Қазақстанның дамуына белсенді үлес қосуға тілектестік білдірді.

Құттықтау барысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда:

  • ТДМ 4 – Сапалы білім беру: түлектердің тұлғалық және кәсіби әлеуетін дамытуға негіз ретінде ерекше назар аударылды.

Физика-техникалық факультеті өз түлектерін мақтан тұтады және оларды даярлауға үлес қосқан оқытушыларға, тәлімгерлерге және ата-аналарға алғысын білдіреді.