- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика және бизнес жоғары мектебінің жас өнерпазы балалар шығармашылық байқауында жүлдеге ие болды
Экономика және бизнес жоғары мектебінің жас өнерпазы балалар шығармашылық байқауында жүлдеге ие болды
.jpg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Балаларды қорғау күні және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай университет қызметкерлерінің балалары арасында шығармашылық байқау өтті. Байқауға 200-ден астам бала қатысып, өз өнерлерін түрлі номинациялар бойынша көрсетті.
Экономика және бизнес жоғары мектебі атынан байқауға Нұрғазы Айзере Шыңғысқызы қатысты — ол Farabi Journal of Social Sciences ғылыми журналының бас редакторы, «Экономика» кафедрасының меңгеруші орынбасары Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлының қызы.
Өлең оқу номинациясында Нұрғазы Айзере Шыңғысқызы екінші орынды иеленіп, қазылар алқасын өз өнерімен және шынайы мәнерімен тәнті етті.
Айзеренің өнерін мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар:
https://youtu.be/WiLEpaOEF1A?feature=shared
Айзерені жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!