- Басты бет
- Жаңалықтар
- Физика-техникалық факультеті Farabi Hub алаңында ғылыми және технологиялық жетістіктерін таныстырды: ТДМ 4 және ТДМ 9-ға қосқан үлес
Физика-техникалық факультеті Farabi Hub алаңында ғылыми және технологиялық жетістіктерін таныстырды: ТДМ 4 және ТДМ 9-ға қосқан үлес
2025 жылғы 1 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аллеясында Farabi Hub іс-шарасы аясында факультеттердің жетістіктері таныстырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ ҚазҰУ Директораттары мен Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Физика-техникалық факультет университеттің физика, материалтану, нанотехнологиялар, ядролық энергетика және тұрақты даму салаларындағы ғылыми және қолданбалы әлеуетін көрсететін өзекті жобалар мен инновациялық әзірлемелерді ұсынды.
Қонақтардың ерекше назарын қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. Данияр Исмайыловтың таныстырылымы аударды. Ол Дмитрий Чернышовпен (fullereneinside.com) бірлесіп жасалған қолданбалы жобалардың нәтижелерін көрсетті:
-
Фуллерен негізіндегі детокс-сумен, антиоксиданттық әсері жоғары;
-
Көміртектің наноқұрылымдарына негізделген тері мен шашқа арналған косметикалық қоспалар мен функционалдық компоненттер.
Аталған жобалар факультеттің ғылыми білімді нақты экономика және денсаулық сақтау салаларына трансформациялау мүмкіндіктерінің жоғары екенін көрсетеді.
Факультеттің аталған іс-шараға қатысуы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:
-
ТДМ 4 – Сапалы білім: академиялық ортаны дамыту, пәнаралық тәсілдерді қолдану және инновацияларды оқу үдерісіне енгізу арқылы;
-
ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: ғылымды қажет ететін қолданбалы жобаларға қатысу, жоғары технологиялық шешімдер әзірлеу және өнеркәсіптік серіктестермен ынтымақтастық негізінде.
Факультет павильонын аралаған құрметті қонақтар қатарында:
-
ҚР Сенатының депутаттары: Алтынбек Нұхұлы, Нұртөре Жүсіп;
-
ҚР Мәжілісінің депутаттары: Жанарбек Әшімжан, Ирина Смирнова, Айдос Сарым;
-
ҚазҰУ Директорат мүшелері: Қайрат Мәми, Рахман Алшанов, Тимур Айсаұтов;
-
Қоғамдық кеңес мүшелері: Амандық Баталов, Тлектес Барпибаев, Мұсабек Әлімбеков және басқалар болды.
Физика-техникалық факультеті университет басшылығына осындай маңызды алаңда өз жетістіктерін таныстыру мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді және заң шығарушы, қоғамдық және өндірістік әріптестермен байланысты кеңейтуге дайын екенін атап өтеді.