- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Баку Евразиялық университеті өзара түсіністік меморандумына қол қойды»
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Баку Евразиялық университеті өзара түсіністік меморандумына қол қойды»

2025 жылғы 2 шілдеде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Баку Еуразиялық университеті арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Келісімнің мақсаты – жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы академиялық байланыстарды нығайту.
Меморандум аясында келесі бірлескен бастамалар жүзеге асырылады:
• студенттер мен оқытушыларды алмастыру;
• бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
• конференциялар, симпозиумдар, семинарлар және басқа да академиялық іс-шаралар ұйымдастыру;
• жетекші ғалымдардың серіктес университет базасында білім беру және ғылыми қызметке қатысуы;
• бірлескен оқу бағдарламаларын дамыту және ғылыми-әдістемелік материалдарды алмасу.
Бұл келісімді жасау халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтудегі маңызды қадам болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан меморандумға қол қоюға халықаралық қатынастар факультеті қатысып, серіктестікті орнатудың бастамашысы болды.
http://baau.edu.az/