«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Баку Евразиялық университеті өзара түсіністік меморандумына қол қойды»Farabi University

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Баку Евразиялық университеті өзара түсіністік меморандумына қол қойды»

10 шілде, 2025

2025 жылғы 2 шілдеде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Баку Еуразиялық университеті арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Келісімнің мақсаты – жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы академиялық байланыстарды нығайту.

Меморандум аясында келесі бірлескен бастамалар жүзеге асырылады:
    •    студенттер мен оқытушыларды алмастыру;
    •    бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
    •    конференциялар, симпозиумдар, семинарлар және басқа да академиялық іс-шаралар ұйымдастыру;
    •    жетекші ғалымдардың серіктес университет базасында білім беру және ғылыми қызметке қатысуы;
    •    бірлескен оқу бағдарламаларын дамыту және ғылыми-әдістемелік материалдарды алмасу.

Бұл келісімді жасау халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтудегі маңызды қадам болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан меморандумға қол қоюға халықаралық қатынастар факультеті қатысып, серіктестікті орнатудың бастамашысы болды.
http://baau.edu.az/