«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ»Farabi University

«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ»

8 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Фараби кітапханасымен бірлесе отырып әлемдік деңгейдегі ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында  Абай күніне орай «АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік мәжіліс өткізеді. Мәжілісте Фараби университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында абайтану саласында атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, Фараби кітапханасымен бірлескен кітап көрмесі таныстырылады, алдағы міндеттер бағдарланады.

Мәжіліске қазақстандық және шетелдік абайтанушы, әдебиеттанушы ғалымдар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының зерттеуші мамандары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Ғылыми-тәжірибелік мәжіліс 2025 жылдың  8 тамызында сағ. 15.00-де Әл-Фараби кітапханасының  Абай залында басталады. Онлайн байланыс «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.

Байланыс телефондары:  8701-270-18-68 (Ләйла Жұматайқызы); 8707 919 72 53 (Алма Кенжеқожаева).