Конституция – ел тәуелсіздігінің тірегі

Жыл сайын 30 тамызда Қазақстан халқы еліміздің негізгі Заңы — Конституция күнін атап өтеді. Бұл күн - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең маңызды мерекелердің бірі. Себебі Конституция - мемлекеттіліктің, демократияның, құқық үстемдігінің және азаматтардың бостандығы мен теңдігінің басты кепілі.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл тарихи құжат еліміздің саяси, құқықтық және әлеуметтік дамуының бағытын айқындап берді. Конституцияның қабылдануы - жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаудағы шешуші қадам болды.
Ата Заңда Қазақстан Республикасының егемендігі, аумақтық тұтастығы, басқару формасы, билік тармақтарының бөлінуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ мемлекеттік тілді анықтайтын негізгі қағидалар бекітілген. Сонымен қатар, Конституция мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара жауапкершілікті белгілейді.
Бүгінгі таңда Конституция - еліміздің заңнамалық жүйесінің негізі, қоғам өмірінің тұрақтылығы мен келісімінің кепілі. Ол әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуде, адам құқықтарын қорғауда және демократиялық мемлекет құруда басты рөл атқарады.
Ата Заңды құрметтеу - әр азаматтың борышы. Конституция күні - барша қазақстандықтарды бірлікке, жауапкершілікке, елжандылыққа үндейтін маңызды мереке. Сондықтан бұл күнді - тек демалыс емес, ұлттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті еске түсіретін күн деп түсіну маңызды.
Мaнсия Aсембaевa,
жылуфизикa және техникaлық физикa
кaфедpaсының доценті
Басқа жаңалықтар


