ҚазҰУ профессоры ISAAC халықаралық конгрессінде секция ұйымдастырды

2025 жылдың 21–25 шілдесі аралығында Астана қаласында Назарбаев Университетінде 15-ші Халықаралық ISAAC конгресі (International Society for Analysis, its Applications and Computation) өтті.
Конгреске әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші ғалымдар, математиктер мен зерттеушілер жиналды. Бағдарламада пленарлық дәрістер, ғылыми секциялар мен семинарлар ұйымдастырылып, математикалық модельдеу, дифференциалдық теңдеулер, гармоникалық анализ және басқа да салалардағы өзекті мәселелер талқыланды.
Аталған беделді жиында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Темирбеков Нурлан Муханович «Қолданбалы және есептеу математикасы» секциясын ұйымдастырды.
Секция жұмысына белгілі ғалымдар қатысты, олардың қатарында: Пётр Николаевич Вабищевич (Мәскеу мемлекеттік университеті), Аллаберен Ашыралиев (Бахчешехир университеті, Түркия), Донгмин Вей (Назарбаев университеті), Дильфуза Бахромовна Ишмамматова (Өзбекстан) және басқа да жетекші зерттеушілер болды.
Басқа жаңалықтар


