- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті Корея делегациясын қабылдады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті Корея делегациясын қабылдады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна Корея делегациясынан келген ресми қонақтарды қабылдады.
Кездесу барысында тараптар молекулалық диагностика зертханасы бойынша меморандум бекітіп, ғылыми ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен болашақ мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуге OPEN Healthcare, Inc. компаниясының зертханалық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Changsik Hong қатысты. Ол факультет студенттері, магистранттар және докторанттарды тәжірибеден өткізуге дайын екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанда алғаш рет ашылған OPEN Healthcare молекулалық диагностика ірі зертханасының ресми ашылу салтанатына шақырып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендігін жеткізді.
Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Корея арасындағы ғылыми байланысты нығайтып қана қоймай, жас ғалымдарға халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға және кәсіби дамуға зор мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар


