Халықаралық конференцияға шақыруFarabi University

Халықаралық конференцияға шақыру

6 қыркүйек, 2025

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан) мен Малайя университеті (Куала-Лумпур, Малайзия) бірлесіп, 2025 жылғы 10-12 қыркүйек аралығында «Қазақстан мен Малайзиядағы исламтанулық зерттеулер: ортақ тұстары мен өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясын өткізеді.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы (№303 конференц-зал), Алматы қ.

Форматы: гибридті (офлайн және онлайн, ZOOM платформасы арқылы)

Өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

 

Конференцияның мақсаты – Қазақстан мен Малайзиядағы исламтану ғылымының дамуын салыстырмалы тұрғыда талдау, ортақ сипаттар мен айырмашылықтарды айқындау, ғылыми әріптестік пен тәжірибе алмасуды дамыту.

 

Негізгі тақырыптар:

         •        Ислам өркениетінің тарихи-мәдени дамуы

         •        Исламдық әлеуметтік құндылықтар және қоғам

         •        Жастардың дін мен құндылықтарға көзқарасы

         •        Исламдық білім беру жүйелері және олардың ықпалы

         •        Қолжазбалар мен исламдық мұраларды зерттеу және сақтау

         •        Діни толеранттылық пен конфессияаралық диалог

         •        Исламдық қаржы және ислам банкингі

 

Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, панельдік сессиялар, ғылыми жобаларды таныстыру, воркшоптар ұйымдастырылады.

 

Байланыс: +7 700 789 0987; E-mail: samet-kz@inbox.ru, Байжұма Самет