ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ, №16 СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕГІ КЕЗДЕСУ!Farabi University

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ, №16 СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕГІ КЕЗДЕСУ!

6 қыркүйек, 2025

№16 Студенттер үйінде факультет басшылығы ұйымдастырған 1, 2 және 3 курс студенттері үшін маңызды жиналыс өтті. Кездесуге факультет деканы Даулиева Г.Р., декан орынбасарлары Ермекова Ж.Ж. кафедра меңгерушісі Сартова Р.Б., сонымен қатар факультет бойынша аға куратор-эдвайзерлер Кулиев И.У., Тұраров Д.Р., Иляшова Г.К., Асель Асылбекқызы қатысты.

Студенттерге Университеттің Академиялық саясаты және студенттік ар-намыс кодексі мен студенттер үйіндегі ішкі тәртіп құжаттары түсіндірілді.

Бұл іс-шара Елдегі тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді: ТДМ 3 - Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 6 - Таза су және санитария, ТДМ 11 - Тұрақты қалалар мен елді мекендер. Бұл жиналыс сұрақ қоюға және оқытушылар мен жоғары курс студенттерінен пайдалы кеңестер алуға тамаша мүмкіндік болды.