Артық қағазбастылық – тұралаушылыққа жол беретін олқылық.Farabi University

Артық қағазбастылық – тұралаушылыққа жол беретін олқылық.

8 қыркүйек, 2025

Президентіміз өз жолдауында еліміз артта қалмау үшін стратегиялық мақсаттар қойған екен. Ол қойған мақсаттар негізінен экономика саласына қатысты. Олар: цифрландыру, инвестиция тарту, ауылшаруашылығы, сушаруашылығы, медицина т.б. мәселелері. Мәдениет пен өнер, спорт саласына да едәуір көңіл бөлді.  

Президент Қ. Тоқаев инвестиция тарту саласында, ауылшаруашылығы саласында қағазбастылықтың көбін айтты. Бұл тек осы салалар емес, жалпы еліміздегі бірсыпыра салаларда бар. Қағазбастылық – тұралаушылыққа жол беретін олқылық. Сондықтан  адамның уақытын алатын, көз майын тауысатын артық қағазбастылықтардан барлық салалар арылу керек. Сол қағаз толтыруға кеткен уақытын адамдар өзін дамытуға, білімін жетілдіруге жұмсаса, ісін жасаса, әлдеқайда тиімді болар еді.  

           Сондай-ақ 80 млр. ақша қайтарылғаны, оның барлығы әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге жұмсалғаны қуантады. Жолдауда цифрлық теңгенің әлеуетін арттыру, бизнестегі бюрократияға да назар аударды. Алатау қаласының арнай статус беріп, оны толығымен цифрлық қала ететіні де жақсы идея екен. Біз әлемнің дамыған өзге мемлекеттеріне қарап бой түзеуіміз керек екені түсінікті. Осы жолда арнайы стратегиялар бойынша жұмыс істеп жатқандарға сәттілік тілейміз.

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Е.М. Солтанаева