Президент Жолдауы: Түркітану ғылымына серпінFarabi University

Президент Жолдауы: Түркітану ғылымына серпін

8 қыркүйек, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – ел дамуының нақты бағытын айқындап қана қоймай, ұлттық ғылым мен руханиятқа жаңа серпін берген құжат. Мемлекет басшысы білім мен ғылымды дамытуға айрықша мән берді. Бұл – түркітану сияқты іргелі саланың болашағы үшін зор мүмкіндік.

Қолжазбаларды цифрландыру, жасанды интеллектті пайдалану, ұлттық мұраны заманауи форматта сақтау – біздің ғылымды халықаралық деңгейге шығаратын қадамдар. Сондай-ақ Жолдауда аталған жас ғалымдарды қолдау бастамасы тың идеялардың жүзеге асуына жол ашады. Түркітанудағы жаңа зерттеулер тек тарихты тануға емес, қазіргі мәдени индустрия мен білім жүйесіне де қызмет етуі тиіс.

Президент көтерген ғылым мен өндірістің сабақтастығы – гуманитарлық сала үшін де өзекті. Өйткені ғылыми мұраны тек архивте сақтау жеткіліксіз, оны қоғам өміріне енгізу қажет. Ұлы Жібек жолы тарихынан бастау алған логистика мен мәдени байланыстарды бүгінгі Қазақстанның даму стратегиясымен сабақтастыру – осының айқын дәлелі.

Жалпы, Жолдау – түркітанушы ғалымдар үшін де үлкен міндет жүктейтін үндеу. Ұлттық мұраны жаңаша зерттеп, заманауи технологиялармен тоғыстыру – біздің ғылымның жаңа белесі болмақ.

 

 

Кортабаева Гүлжамал Кыдырбаевна

Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы