ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын
8 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 8 қыркүйегінде «Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс студенттері эдвайзерлердің жетекшілігімен кітапхананың Абай залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тікелей эфирден тыңдады.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді елдің қоғамдық-саяси өмірімен таныстыру, жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыру және Президент ұсынған жаңа бастамалардың мәнін түсіндіру болды.
Жолдауда әлеуметтік-экономикалық даму, білім беру жүйесін жетілдіру, жастарға қолдау көрсету, ғылым мен инновацияны дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Студенттер өздері үшін маңызды бағыттарды ерекше қызығушылықпен тыңдады.