ҚазҰУ профессоры халықаралық конференцияда баяндама жасадыFarabi University

ҚазҰУ профессоры халықаралық конференцияда баяндама жасады

18 шілде, 2025

2025 жылдың 15 шілдесінде Мәскеу қаласында В. А. Стеклов атындағы Математикалық институтында «Supercomputer Technologies of Mathematical Modeling» атты халықаралық конференция өтті. Бұл беделді ғылыми жиынға әлемнің жетекші университеттері мен зерттеу орталықтарының ғалымдары қатысты.

Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Нурлан Муханович Темирбеков баяндама жасады.

Ғылыми кездесуде суперкомпьютерлік технологиялардың математикалық модельдеудегі өзекті мәселелері қарастырылып, болашақтағы зерттеу бағыттары талқыланды. Конференция жұмысына сондай-ақ Дулус Иванов (Солтүстік-Шығыс Федералды университеті), Пётр Николаевич Вабищевич (Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті) және Василий Иванович Васильев (Якутия) сияқты белгілі ғалымдар қатысты.

Бұл конференция ҚазҰУ ғалымдарының халықаралық ғылыми қауымдастықтағы беделін арттырып, механика-математика факультетінің ғылыми әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етті.

МКМ кафедрасының маманы