Жолдаудың әлеуметтік қырлары талқыланды

Кеше ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастырумен «ҚР Президенті жолдауын іске асырудың әлеуметтік қырлары» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында танымал ақын, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Алмас Ахметбекұлы студенттермен өз пікірін бөлісті. Ол «Жастардың жаңғырған, жетілген патриоттық сезімі қатарлы көптеген саланың қазіргі жетістіктері мен болашақтағы дамыту жоспарлары және жолдары туралы ауқымды жолдау жасалды» десе, қауымдастырылған профессор Ошанова Орынтай Жаңабайқызы Президенттің «Табиғат ресурстарды, әсіресе, суды үнемдеу мәдениетіне келсек, ол жағынан үлкен кемшілік бар екенін мойындауымыз қажет. Яғни атқарылатын жұмыс шаш етектен. Бұл азаматтардың, әсіресе жастардың арасындағы түсіндіру шараларының, тіпті идеология жұмысының бір бағыты» деген пікірінің өзекті екенін айта келіп, бұл орайда білім алушыларға су тұтыну мәдениетінің жай ғана тазалықтан және табиғатқа деген сүйіспеншіліктен басталатынын баса айтты.
«Халықаралық журналистика» және «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының студенттері де жолдауда айтылған мәселелер жайлы өз ойларын ортаға салды.
Басқа жаңалықтар


