ҚазҰУ мен Қарақалпақ мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық кездесу
11 қыркүйек, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында 2025 жылғы 11 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасына Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің Археология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Хакимниязов Жолмурза Хожабекович бастаған профессор-оқытушылар құрамы іссапармен келді. Іссапардың басты мақсаты — тәжірибе алмасу, ғылыми-академиялық байланыстарды нығайту және екіжақты ынтымақтастықты дамыту. Кездесу барысында тараптар археологиялық зерттеулер, ғылыми жобалар, бірлескен экспедициялар мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары төңірегінде пікір алмасып, болашақтағы ықтимал әріптестік бағыттарын талқылады.
.jpeg)
Басқа жаңалықтар
6 қаңтар, 2026
5 қаңтар, 2026