Farabi University

18 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика (сала бойынша)» мамандығының докторанттары – Жанатқызы Жания (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Л.М. Алимжанова) және Кошетаев Диас (ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор м.а. З.Б. Ахметова) IV Жас ғалым мектебінің дөңгелек үстелдеріне қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, әртүрлі елдерден келген әріптестерімен пікірталасқа түсті.

7–10 қыркүйек аралығында Нижний Новгород қаласында «Петербург диалогы» форумының «Ғылым және білім» жұмыс тобының бастамасымен және Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің ұйымдастыруымен «Жас ғылымның жаңа моделі: инновациялар, кәсіпкерлік, серіктестік» атты IV Жас ғалым мектебі өтті. Мектептің өткізілуі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді: ТДМ 4 «Сапалы білім беру», ТДМ 9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым», ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік».

Мектеп бағдарламасы ғылымға инновацияларды енгізу, жаһандық сын-қатерлерге жауап беру үшін заманауи тәсілдер мен технологияларды қолдану, ғылыми кәсіпкерлікті дамыту және халықаралық серіктестіктерді нығайту мәселелерін талқылауға арналды.

Іс-шараға Ресейдің жетекші университеттерінің аспиранттары мен жас оқытушылары, сондай-ақ Армения мен Өзбекстан ғылыми қауымдастығының өкілдері қатысты.