2025 жылғы 20 қыркүйекте ҚазҰУ-нде дәстүрлі сенбілік өтті
20 қыркүйек, 2025
2025 жылғы 20 қыркүйекте университетімізде дәстүрлі сенбілік өтті. Оған «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтарының 1-курс студенттері, олардың эдвайзерлері және аға куратор-эдвайзер қатысты.
Сенбілік барысында студенттер оқу корпустары мен айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Шара достық пен ынтымақ атмосферасында өтіп, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етті.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТМД 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер, ТМД 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс) тығыз байланысты.
Басқа жаңалықтар
13 қаңтар, 2026
13 қаңтар, 2026