«АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты 2025 жылдың 31 қазанында Абайдың 180 жылдығы аясында өтетін «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты алтыншы халықаралық ғылыми (офлайн-онлайн) конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияға қазақстандық және шетелдік әдебиеттанушы, абайтанушы ғалымдар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.
Конференция мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімін заманауи ғылыми парадигмалар тұрғысынан қарастыру. Конференцияда қарастырылатын мәселелер:
- Абайдың шығармашылық тұлғасы және тағылымы;
- Абайдың шығармашылық мұрасын жаңаша пайымдау;
- Абай ілімінің концептуалды жүйесі;
- Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімінің қазіргі руханияттағы орны мен маңызы.
Конференция 2025 жылдың 31 қазанында сағат 15.00-де Фараби кітапханасының 409-залында өтеді. Онлайн байланыс «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.
Байланыс телефондары: 8701 270 18 68 (Ләйла Жұматайқызы); 8705 750 45 56 (Бибігүл Дәулетқызы), 8747 154 66 21 (Әйгерім Алмазқызы)
Материалдарды 2025 жылдың 1 қазанына дейін мына электронды мекенжайға жіберу қажет: abaigzikonf@mail.ru. Конференция материалдарын жинақ ретінде шығару жоспарланған. Жинаққа халықаралық кітапханалық стандартты нөмірі (ISBN) беріледі.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1. Материалдар электронды нұсқада abaigzikonf@mail.ru поштасына қабылданады. Файл «Microsoft Office Word» форматында сақталып, автордың аты-жөнімен аталуы тиіс.
2. Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14-кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет. (студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті көрсетеді)
3. Мақаланың атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында үлкен әріптермен беріледі.
4 Негізгі мәтін Times New Roman (14 кегль) қарпімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады. Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1,5; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде. Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (шрифт Times New Roman
(12 кегль)
5. Әдебиетке сілтеме тік жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің нөмірі, сондай-ақ беттің нөмірі тұрады.
6. Материалдардың көлемі 6 беттен аспауы тиіс.Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакциялаудан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.
Басқа жаңалықтар

