«Жатақханада тұру ережелері» тақырыбында түсіндіру шарасы өткізілді.Farabi University

«Жатақханада тұру ережелері» тақырыбында түсіндіру шарасы өткізілді.

15 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 15 қыркүйек күні куратор-эдвайзер Ақжігітова Аққибаттың жетекшілігімен «Қазақ филологиясы» мамандығының 102-топ студенттері үшін №17 жатақханада «Жатақханада тұру ережелері» тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттерге жатақханада тұрудың негізгі талаптары мен ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, қауіпсіздік шараларын сақтау, қоғамдық мүлікті күтіп ұстау, тазалық пен тәртіпке жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ студенттердің бір-біріне құрметпен қарауы жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар, студенттерге жатақхананың ішкі мүмкіндіктері, тұрмысқа қажетті жағдайлар және кезекшілік міндеттері жайында толық ақпарат берілді. Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бұл кездесу студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне, жатақханада өзара сыйластық пен тәртіпті сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.