- Басты бет
- Жаңалықтар
- «МАТЕМАТИКА, МЕХАНИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» X Халықаралық ғылыми конференциясы. ТДМ 4
«МАТЕМАТИКА, МЕХАНИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» X Халықаралық ғылыми конференциясы. ТДМ 4
2025 жылғы 24 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» X халықаралық ғылыми конференциясы салтанатты түрде ашылды.
Алғашқы құттықтау сөзді КазНУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Жанseit Қансейітұлы Түймебаев айтты. Одан кейін құттықтау лебіздерін Қазақстанның Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов және ҚР ҰҒА академигі, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры Айдархан Жүсіпбекұлы Калтаев білдірді.
Пленарлық отырыста бірқатар танымал ғалымдар ғылыми баяндамаларын ұсынды:
-
Сергей Игоревич Кабанихин (чл.-корр. РАН, Институт математики им. С.Л. Соболева СО РАН) – «Обратные задачи и машинное обучение»;
-
Искандер Асанович Тайманов (академик РАН, Институт математики им. С.Л. Соболева СО РАН) – «Операторы Шрёдингера с PT-потенциалами» (онлайн);
-
Пьер Доменико Ламберти (профессор, Падуанский университет) – «Spectral stability and instability of Steklov problems on varying domains»;
-
Пейман Гиви (профессор, Университет Питтсбурга) – «Quantum-Ready and Quantum-Inspired CFD»;
-
Хуашэн Ван (профессор, Лондонский университет королевы Марии) – «AI-assisted modelling and optimization of condensers with vapor-liquid separation» (онлайн).
Конференция аясында қатысушылар ғылымдағы заманауи жетістіктермен танысып, өзара пікір алмасты.
Конференцияға плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының магистранттары мен студенттері қатысты.