«Жатақханада тұру тәртібі»Farabi University

«Жатақханада тұру тәртібі»

22 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 22 қыркүйек күні куратор-эдвайзер Төлеева Назым Әділбекқызының жетекшілігімен «Қазақ филологиясы» мамандығының 103-топ студенттерімен университетіміздің №17 жатақханасында «Жатақханада тұру ережелері» тақырыбында тәрбиелік мәні зор танымдық шара өткізілді. Шара барысында студенттерге жатақханада тұрудың негізгі талаптары мен ішкі тәртіп ережелері, қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Атап айтқанда,  қоғамдық мүлікті күтіп ұстау, тазалық пен тәртіпке жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ студенттердің бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, бір-біріне құрметпен қарауы жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар,  студенттерге жатақхананың ішкі мүмкіндіктері, тұрмысқа қажетті жағдайлар және кезекшілік міндеттері жайында да толыққанды ақпарат берілді. Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Аталмыш басқосу студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне, жатақханада өзара сыйластық пен тәртіпті сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.