ТДМ-3 аясында «ДДҰ негіздемелік конвенциясы: Темекіге қарсы күрестегі қиындықтар, табыстар және жаңа қадамдар» тақырыбында кураторлық сағат өттіFarabi University

ТДМ-3 аясында «ДДҰ негіздемелік конвенциясы: Темекіге қарсы күрестегі қиындықтар, табыстар және жаңа қадамдар» тақырыбында кураторлық сағат өтті

25 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 24 қыркүйекте ҚР ҒЖБМ ҒК Генетика және физиология институтының базасында Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының «Биомедицина» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне эдвайзер М.Ә. Есенованың  жетекшілігімен ДДҰ негіздемелік конвенциясы аясында «Темекіге қарсы күрестегі қиындықтар, табыстар және жаңа қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттерге темекі шегудің зияны, ДДҰ-ның темекіге қарсы күрестегі негізгі бағыттары түсіндірілді. Әсіресе жастар арасында электронды темекі мен вейптің кең таралуы, оның денсаулыққа қауіптері талқыланды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда шектеулер енгізу, қораптардағы ескертулер мен бағаның өсуі сияқты табысты қадамдар айтылды. Алдағы уақытта әлеуметтік желілердегі жарнаманы шектеу және жастар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттілігі ерекше аталып өтті.

Студенттер белсенді пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Бұл дөңгелек үстел олардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттырып, темекіге қарсы күрестің маңызын терең түсінуге ықпал етті.

Іс-шара студенттердің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына, зиянды әдеттерден аулақ болуына және салауатты қоғам құруға бағытталды.