Журфактағы жылы жүздесуFarabi University

Журфактағы жылы жүздесу

27 қыркүйек, 2025

Журналистика факультетінің  түлегі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, актриса, әнші Айгүл Иманбаева өзі білім алған ордасына келді. Кездесу  барысында өзінің  студенттік шағын еске алып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына рахмет айтуды ұмытпаған Айгүл студенттермен ашық жарқын әңгімелесті.

«Таңғы елес» әнімен көпшілікке танылып, халықтың сүйіспеншілігіне ие болған әнші өз кезегінде студенттерге білім алуға, тіл үйренуге адамның жасы әсер етпейтінін алға тартып, жастарды білім алуға, ғылым жолына түсуге шақырды. Кездесу соңында  белсенді екі студентке Айгүл Иманбаева өх қаражаты есебінен шәкіртақы берді.