Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күніне арналған іс-шараFarabi University

Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күніне арналған іс-шара

1 қазан, 2025

Электроника және астрофизика кафедрасында 1 қазан күні сағат 15:00-де, 200-кабинетте Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күніне арналған іс-шара аясында кафедраның аға оқытушысы Турлыкожаева Дана Абдикумаровна 4 курс «Радиотехника, электроника және телекоммуникации» мамандығының студенттеріне өзінің ғылыми жобаларын таныстырды. Кездесу барысында дрондар желісінің жұмысы көрсетіліп, студенттер дрондардың көтерілуі мен қонуын, қашықтан басқару принциптерін, қабылдау–беру модульдері арқылы деректер алмасу ерекшеліктерін және навигациялық жүйенің негіздерін көрді. Практикалық түрде дрондардың ұшуы, басқарылуы және тұрақты қонуы ұсынылды. Сонымен қатар ақылды машинкалар жобасы таныстырылды – сымсыз байланыс арқылы басқарылатын интеллектуалды көліктер жергілікті аумақты бақылау, күзет және мониторинг жүргізу мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл машинкалар моторларды басқарудағы ШИМ (PWM) технологиясын қолданады және қарапайым код арқылы робототехниканы басқарудың қолжетімді тәсілдерін үйретуге мүмкіндік береді.