«Таза кампус» экологиялық акциясыFarabi University

«Таза кампус» экологиялық акциясы

29 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 29 қазанында оқу орнымызда аға оқытушы Душаева Кәмила және эдвайзерлік тобы 202-топ студенттерінің қатысуымен «Таза кампус» атты экологиялық акция өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді табиғатты қорғауға, таза орта қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға баулу болды.
Акция барысында студенттер оқу орны аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинады. Сонымен қатар жастар экологиялық тақырыпта пікір алмасып, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы туралы ой бөлісті.
Жалпы, акция белсенді әрі нәтижелі өтті. Қатысушылардың табиғатқа деген жауапкершілігі артып, экологиялық мәдениетті насихаттау ісіне үлес қосылды.

Ұйымдастырған: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Душаева Кәмила, Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2-курс, 202-топ студенттері