Халықаралық аудармашылар күніFarabi University

Халықаралық аудармашылар күні

30 қыркүйек, 2025

30 қыркүйек – Халықаралық аудармашылар күніне орай, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы 4-курс студенттерімен тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында студенттер аударманың әлем халықтарын жақындастырудағы, мәдениеттерді байланыстырудағы ерекше рөлі туралы ой бөлісті. Аудармашы – тек тіл маманы емес, ол өркениеттер арасындағы көпір екені атап өтілді.

Сонымен қатар, қазіргі заманда аударма технологияларының маңызы, жасанды интеллекттің ықпалы және кәсіби жауапкершіліктің маңыздылығы талқыланды. Іс-шара студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, аударманың қоғамдағы орнына жаңаша көзқарас қалыптастырды.