Математика кафедрасындағы дөңгелек үстел: жасанды интеллект және тұрақты дамуFarabi University

Математика кафедрасындағы дөңгелек үстел: жасанды интеллект және тұрақты даму

1 қазан, 2025

30 қыркүйек күні сағат 17:00-де механика-математика факультетінің 418 аудиториясында магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың қатысуымен «Күрделі математикалық есептерді шешуде ЖИ-ді қолдану және “автоматтандырылған ойлау” тәуекелдері» атты дөңгелек үстел өтті.

Негізгі баяндама жасаған PhD докторы Қайырбек Жолғас жасанды интеллекттің ғылыми зерттеулерде қолданылуының заманауи тәсілдерін таныстырып, қатысушылармен оның мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптері туралы пікір алмасты.

Іс-шара барысында ЖИ-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қосатын үлесі талқыланды, атап айтқанда: ТДМ 4 (Сапалы білім): студенттер мен жас зерттеушілердің цифрлық технологияларды меңгеру дағдыларын дамыту; ТДМ 9 (Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым): ғылым мен өндірісте есептерді шешудің инновациялық әдістерін енгізу; ТДМ 16 (Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар): ЖИ-ді этикалық және жауапты қолдану арқылы «автоматтандырылған ойлау» тәуекелдерін азайту.

Талқылау жасанды интеллекттің математикалық ғылымдағы мүмкіндіктерін кеңейтетінімен қатар, тұрақтылық, қауіпсіздік және жауапкершілік мәселелеріне мұқият қарауды қажет ететінін көрсетті.

 

Математика кафедрасының меңгерушісі

Касенов С.Е.

Математика кафедрасының меңгерушісінің

Ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Досмағұлова Қ.А.