Prof. Dr. Ditmar Hilpert-тің Лидерлік дәрісі: Басқару ойыны және ғылымға көзқарас. ТМД 4 және ТДМ 17Farabi University

Prof. Dr. Ditmar Hilpert-тің Лидерлік дәрісі: Басқару ойыны және ғылымға көзқарас. ТМД 4 және ТДМ 17

1 қазан, 2025

2025 жылдың 1 қазан күні, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика техникалық факультетінде “Scientific Research Methods” пәні аясында, пәннің оқытушысы доцент-зерттеуші  Кундуз Туреханова жетекшілігімен, Германиядан келген стратегиялық менеджмент, инновациялар және халықаралық маркетинг саласының беделді сарапшыларының бірі — Prof. Dr. Ditmar Hilpert лидерлік дәріс өткізді. Сабақ интерактивті «60 Squares Management Game» форматында өтті. Бұл ойын барысында студенттер стратегиялық ойлау, командада жұмыс істеу және келіссөз жүргізу дағдыларын талап ететін шынайы жағдайларды бастан өткерді. Сабақ қызықты ғана емес, сонымен бірге шектеулі ресурстар жағдайында шешім қабылдау үдерісін түсінуге көмектесетін құнды тәжірибе болды.

Дәріс ТДМ  4 – «Сапалы білімге» және 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестікке» мақсаттарына сәйкес келеді