Тілдер фестивалі және «Халықаралық қатынастар» факультетінің 30 жылдығына арналған мерекелік кешFarabi University

Тілдер фестивалі және «Халықаралық қатынастар» факультетінің 30 жылдығына арналған мерекелік кеш

2 қазан, 2025

Смагулова А.С.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының  доценті

 

Рахимбаева Р.М.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының

аға оқытушысы

Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар мен студенттер!

    Бүгін біз бәрімізді бір арнаға тоғыстырған ерекше мереке – Тілдер фестивалі мен факультетіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға жиналдық. Қазақтың ұлағатты сөзінде айтылғандай: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – дәл осы ұстаным бүгінгі кештің негізгі идеясы болып табылады.

Мерекелік шараны ашқан «Халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Сайрамбаева Жұлдыз Талғатқызы құттықтау сөзін айтып, кештің маңыздылығын атап өтті. Одан кейін дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Мурзагалиева М.К. сөз сөйлеп, шараға тыңғылықты үн қосты.

  Кештің бірінші бөлімінде қазақ тілінің бай тарихы мен мол мұрасы көрініс тапты. Қазақ тілі – ұлттық мәдениетіміз бен рухани болмысымыздың айнасы ретінде ерекше дәріптелді. Екінші бөлімде ағылшын тілінің әлемдік деңгейдегі рөлі мен маңызы айтылып, ағылшын тілінде қойылым ұсынылды.

Үшінші бөлімде өнер мен сұлулықтың тілінің – француз тілінің сазды көрінісі көрсетілді. Француз тілі – махаббат пен әсемдіктің символы ретінде ерекше дәріптелді. Төртінші бөлімде қытай тілінің ежелгі өркениет пен мәдениеттің айнасы ретіндегі рөліне тоқталып, тыңдармандарды әсем әнмен баурап алды.

Бесінші бөлімде тілдердің теңдігі мен маңыздылығын көрсететін «Тілдер таласы» және «Полиглот» көріністері қойылды. Бұл бөлім тілдердің бір-біріне бәсекелес емес, керісінше бір-бірін құрметтеп, түсінудің маңыздылығын айқындады.

Шара барысында дипломатиялық аударма кафедрасының ұстазы – Смагулова Айгерим Советхановна сөз алып, студенттердің тіл үйренуге деген құлшынысы мен мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Мерекенің қорытындысында тілдердің адамдар арасындағы достық пен түсіністіктің алтын көпірі екендігі баса айтылды. Қазақ мақалына сәйкес: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» – тіл білу адам өміріндегі білім мен мүмкіндіктердің шексіз есігін ашады.

Осылайша, Тілдер фестивалі мен факультетіміздің 30 жылдығы бізге тілдердің маңыздылығын, мәдениеттер арасындағы достық пен өзара сыйластықты тағы бір мәрте еске салды. Барша қатысушыларға шын жүректен алғысымды білдіремін!