Жастар арасында есірткіге қарсы күрес жұмыстары бойынша өткізілген дәрістен есепFarabi University

Жастар арасында есірткіге қарсы күрес жұмыстары бойынша өткізілген дәрістен есеп

2 қазан, 2025

 

2025 жылғы 1 қазан күні сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасының №416 мәжіліс залында жастар арасында есірткіге қарсы күрес жұмыстары бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері студенттерге дәріс өткізді. Дәрістің басты мақсаты – жастар арасында есірткі заттарының зиянын түсіндіру, олардың заңсыз айналымына қарсы күрес шараларын таныстыру және құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беру болды. Электроника және астрофизика кафедрасынан 7M05310 «Физика және астрономия» білім беру бағдарламасының 5 студенті және аға куратор-эдвайзер толық құрамда қатысты: Қатысушылар іс-шараға сағат 14:30-дан кешікпей келіп, белсенділік танытты. Дәріс барысында полиция департаментінің мамандары жастарға: есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны мен психологиялық тәуелділігі туралы, заңсыз айналымы үшін қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары жайында, есірткінің қоғамдағы әлеуметтік зардаптары, жастар арасында оның алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар нақты мысалдар келтіріліп, статистикалық мәліметтер берілді. Студенттер тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Дәріс соңында жастарға құқықтық мәдениетті арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Қорытындылай келе іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды және өз мақсатына жетті. Тақырып толық ашылды, студенттер есірткі заттарының зияны мен олардың алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Электроника және астрофизика кафедрасының студенттері дәріс барысында белсенділік танытып, талқылауға қатысты.

 

Электроника және астрофизика кафедрасы бойынша жауапты тұлға:
Агишев А. Т., PhD, доцент

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері