- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ақпараттық жүйелер кафедрасының студенттері «Сенің өмірің – сенің таңдауың» атты психологиялық тренингке қатысты
Ақпараттық жүйелер кафедрасының студенттері «Сенің өмірің – сенің таңдауың» атты психологиялық тренингке қатысты

3 қазан күні әл-Фараби кітапханасының мәжіліс залында «Сенің өмірің – сенің таңдауың» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингті Орталық Азия және Қазақстанның психоанализ қауымдастығының психоаналитигі, профессор, жоғары санатты психиатр, психотерапевт Ассимова Тамара Әубәкірқызы және психолог Нұрпеисова Салтанат Юсуфқызы жүргізді. Ақпараттық жүйелер кафедрасының студенттері психологиялық тренингке белсене қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға өз шешімдеріне жеке жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру, өзін-өзі тану мен сенімділік дағдыларын дамыту болды.
Тренинг барысында қатысушылар интерактивті жаттығулар орындап, өмірлік жағдайларды талқылап, өз көзқарастарымен бөлісті. Мұндай іс-шаралар студенттердің өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып, психологиялық төзімділігін арттырады және жеке әрі кәсіби мақсаттарға жетуге ынталандырады.
Басқа жаңалықтар


