- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ-ның 80 жылдығы мен Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына орай іс-шаралар онкүндігін бастады: Жастар сурет арқылы ТДМ-ға қатысты ойларымен бөлісуде
Халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ-ның 80 жылдығы мен Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына орай іс-шаралар онкүндігін бастады: Жастар сурет арқылы ТДМ-ға қатысты ойларымен бөлісуде

2025 жылдың 3 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы мен факультеттің 30 жылдығына бағыталған іс-шаралар аясында «Жастардың көзіндегі тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында сурет байқауын өткізді. Байқауды БҰҰ туралы ақпараттық қолдаудың аймақтық ресурстық орталығы ұйымдастырды. Іс-шарада ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 5 «Гендерлік теңдік» және ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» ерекше назарға алынды.
Байқауға студенттер мен жас зерттеушілер қатысып, бейбітшілік пен қауіпсіздік, адам құқықтары, қоршаған ортаны қорғау, жастар зейініндегі БҰҰ, мәдени әртүрлілік және гендерлік теңдік сияқты тақырыптар арқылы ТМД-ға деген көзқарастарын білдіретін өнер туындыларын ұсынды. Бірінші курс студенттері бұл шығармашылық процесті ұйымдастыруда белсенділік танытып, өзекті мәселелердің талқылаудың қатысуына ықпал етті.
Жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өткен іс-шара қатысушыларды негізгі жаһандық мәселелерді терең ой елегінен өткізуге шақырды. «Онкүндіктің» жеңімпаздары арнайы іс-шарада жарияланады, жеңімпаздарға БҰҰ туралы ақпараттық қолдау жөніндегі академиялық аймақтық ресурстық орталығының сертификаттары мен естелік сыйлықтары табысталады.
Байқау - студенттер үшін жаһандық сын-қатерлерге назар аудару арқылы, әлемнің болашағы және тұрақты даму идеяларымен бөлісетін маңызды алаңға айналды.
Жауапты оқытушы: Лейла Федоровна Деловарова.
Басқа жаңалықтар

