- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық жеке құқыққа және Германияның халықаралық азаматтық іс жүргізуіне кіріспе. Ерекше мысал — халықаралық банкроттық
Халықаралық жеке құқыққа және Германияның халықаралық азаматтық іс жүргізуіне кіріспе. Ерекше мысал — халықаралық банкроттық

2025 жылғы 3 қазан күні білім беру бағдарламасы аясында Германиядан құқық ғылымдарының докторы, Киль университетінің Шығыс Еуропа елдерінің құқық институтының директоры, профессор Александр Трунктың қонақ лекциясы өткізілді. Лекция тақырыбы — «Халықаралық жеке құқыққа және Германияның халықаралық азаматтық іс жүргізуіне кіріспе. Ерекше мысал — халықаралық банкроттық».
Оған «Халықаралық құқық» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. Лекция жоғары теориялық және практикалық маңыздылыққа ие болып, ақпараттық әрі интерактивті түрде өтті. Қатысушылар белсенді қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар алды, бұл олардың халықаралық жеке құқық және халықаралық азаматтық іс жүргізу саласындағы білімдерін тереңдетуге ықпал етті.
Аталған іс-шара білім беру сапасын арттыруға және халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға өз септігін тигізді.
Басқа жаңалықтар

