ТДМ-2 аясында «Соя дақылдарының саңырауқұлақ ауруларына төзімді сорттарын генетикалық зерттеулер арқылы анықтау» тақырыбында ғылыми семинар өттіFarabi University

ТДМ-2 аясында «Соя дақылдарының саңырауқұлақ ауруларына төзімді сорттарын генетикалық зерттеулер арқылы анықтау» тақырыбында ғылыми семинар өтті

6 қазан, 2025

2025 ж. 02 қазан күні сағат 11:00-де Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасында ТДМ-2 (Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігі және орнықты ауыл шаруашылығы) бағыты бойынша ғылыми семинар өтті. Баяндамашы — американдық профессор, ғылыми менеджер, Өсімдік және қоршаған орта ғылымдары мектебі, Вирджиния Тек (АҚШ), PhD Бияшев Рустем Маратович. Тақырып: «Соя дақылдарының саңырауқұлақ ауруларына төзімді сорттарын генетикалық зерттеулер арқылы анықтау». Өткізу орны: 214-аудитория.
Қазіргі таңда соя жануарларға арналған ақуыздық жемнің ең ірі көздерінің бірі әрі өсімдік майларының маңызды көзі ретінде кең қолданылады.

Семинар барысында төзімділікке жауапты генетикалық маркерлерді айқындау, QTL карталау, SNP/SSR негізіндегі скрининг және фенотиптік бағалауды молекулалық деректермен ықпалдастыру тәсілдері қарастырылды. Marker-assisted selection және genomic selection құралдарын отандық селекциялық бағдарламаларға енгізу жолдары талқыланды. Кафедраның оқытушылары мен докторанттары профессор Бияшевпен кездесіп, оның дәрісіне қатысты; бірлескен зерттеулер мен тағылымдамаларға қатысты мүмкіндіктер талқыланды.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы