- Басты бет
 - Жаңалықтар
 - Экономика және бизнес жоғарғы мектебі студенттері Жеңістің 80 жылдығына орай «Мәңгілік даңқ - Жеңіске 80 жыл» атты ашық кураторлық сағат өткізді.
 
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі студенттері Жеңістің 80 жылдығына орай «Мәңгілік даңқ - Жеңіске 80 жыл» атты ашық кураторлық сағат өткізді.
                2025 жылдың 15 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес жоғарғы мектебі, Экономика ББ 3 курс студенттері «Мәңгілік даңқ - Жеңіске 80 жыл» атты кураторлық сағат өткізді. Бұл шара тарихымыздың маңызды оқиғасын еске алу мақсатында ұйымдастырылды. ТДМ-16: Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт және ашық қоғамның құрылуына жәрдемдесу, барлығы үшін сот әділдігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беруге міндетті және кең қатысуға негізделген мекемелерді құру
Кураторлық сағат барысында студенттер Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасап, еліміздің тәуелсіздігі мен бейбітшілік үшін күрескен батырлардың ерліктерін паш етті. Сонымен қатар, студенттер қазірге дейін осы соғыстың салдарынан қайтыс болған жауынгерлердің рухына құрмет көрсетіп, әртүрлі көркем шығармалар мен құжаттарды пайдаланып, соғыс уақытындағы қазақстандықтардың өмірін бейнеледі.
Бұл іс-шара жастарға өз тарихымызды ұмытпауға, ерлік пен қайсарлықтың маңыздылығын түсінуге және бейбітшілік пен достықты сақтауға деген жауапкершілікті арттыруға зор ықпал етті.
Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.