Қытайтану кафедрасы мен Қытайдың Fu Jian Hai Na Education Technology Group компаниясы ынтымақтастық орнаттыFarabi University

Қытайтану кафедрасы мен Қытайдың Fu Jian Hai Na Education Technology Group компаниясы ынтымақтастық орнатты

7 қазан, 2025

2025 жылдың 7 қазан күні Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының басшылығы Қытайдың Fu Jian Hai Na Education Technology Group Co., Ltd компаниясының өкілі, бас директор Дың Хуей Си ханыммен кездесті. Кездесу барысында екі тарап білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Fu Jian Hai Na Education Technology Group – оқу-ағарту саласына арналған инновациялық технологияларды өндіру және енгізу бойынша жетекші компаниялардың бірі. Әңгіме барысында компанияның демеушілігімен Шығыстану факультетінде заманауи оқу залын жабдықтау мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу өзара түсіністік пен серіктестік рухында өтті. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастық байланыстарды нығайтып, тиімді жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.