Медициналық қалдықтар және тұрақты болашақ: Таза ғалам үшін жаңа шешімдер
.jpeg)
«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері (қазақ, орыс және ағылшын топтары) Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында бірлескен іс-шара өткізді. Іс-шараның жетекшілері: доцент м.а. К.Т. Кашаганова және аға оқытушы Г.Ж. Аканова.
🔹 Іс-шара барысында студенттер медициналық қалдықтардың қауіптілік класына қарай жіктелуін таныстырып, оны көрнекі түрде көрсетті.
🔹 Студенттер өз қолдарымен жасалған арнайы контейнерді ұсынды. Ол контейнерге қолғаптар, бахилдер, шприцтер және т.б. медициналық қалдықтар жиналады.
🔹 Сонымен қатар, студенттер инновациялық идея ұсынды — практикалық сабақтардан кейін қолданылған қолғаптарды жинауға арналған арнайы сайт құру. Бір апта ішінде сабақ барысында шамамен 70–100 қолғап тасталады. Болашақ дәрігерлер бұл қолғаптарды экологиялық жолмен кәдеге жарату қажеттігін атап өтті.
🔹 Талқылау барысында дамыған елдердің медициналық қалдықтарды жою тәжірибелерінен мысалдар келтірілді.
💡 Студенттердің бұл бастамасы экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға және медициналық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жаратуға бағытталған.
#ТДМ-3-6-12-13 #тұрақтыдаму #экология #медициналыққалдықтар #жасылпланета #болашақбіздіңқолымызда
Басқа жаңалықтар

