«Қазақстандағы сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтау тетіктері»Farabi University

«Қазақстандағы сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтау тетіктері»

2 қазан, 2025

2025 жылғы 2 қазан күні университет қабырғасында Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР) бағдарламасы аясында «Қазақстандағы сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтау тетіктері» тақырыбында экологиялық бағыттағы іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан аумағында кездесетін сирек және жойылып бара жатқан жануар түрлерін сақтау мен олардың популяциясын қалпына келтірудің ғылыми негізделген тәсілдерін ұсыну және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған тиімді тетіктерді талқылау.

Шара барысында студенттер сирек жануарларды қорғаудың заманауи әдістері, экожүйенің тұрақтылығын сақтау жолдары және табиғатты аялау мәдениеті жайында өз ойларын ортаға салды.

Іс-шараның өткізілуі ЦУР №15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсатын жүзеге асыруға үлес қосады.